Қазақстанның парламенттік делегациясы Әзербайжан Милли Меджлисінің 90 жылдығына арналған шаралар аясында болған арнаулы сессияға қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның парламенттік делегациясы Әзербайжан Милли Меджлисінің 90 жылдығына арналған шаралар аясында болған арнаулы сессияға қатысты

Қазақстанның парламенттік делегациясы Әзербайжан Милли Меджлисінің 90 жылдығына арналған шаралар аясында болған арнаулы сессияға қатысты

Астана. 20 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық парламенттік делегация Әзербайжан Милли Меджлисінің 90 жылдығына арналған шаралар аясында Бакуде кеше болған арнаулы сессияға қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Маусым 2008
  • 497
Фото - Caravan.kz

Қ.Тоқаев Қазақстан Республикасы парламентінің барлық депутаттарының атынан әзірбайжандық әріптестерін елдің бірінші Ұлттық жиналысының құрылғанына 90 жыл толуымен құттықтады және бірінші әзірбайжан мемлекеті мен елдің Милли меджлисінің 90 жылдық мерейтойы Әзербайжан халқының бостандық пен халық билігі құндылықтарына айнымастығының айғағы екенін атап өтті.

«Қазіргі кезде Сіздердің елдеріңіз кавказ аймағындағы экономикалық көрсеткіштер мен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша жетекші ел болып табылады.

Осы заманғы Әзербайжан жетістіктері туралы айта келіп біз өз халқының ұлы перзенті, көрнекті мемлекет қайраткері Гейдар Әлиевке лайықты орнын беруге тиіспіз. Гейдар Әлиев осы заманғы қазақ мемлекеттігінің негізін салушы, Президент Нұрсұлтан Назарбаевты құрмет тұтты. Оларды Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы өзара тиімді достық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған ортақ мүдделер байланыстырды. Екі басшы қалыптастырған екіжақты байланыстар екі бауырлас мемлекет ынтымақтастығының келешегіне сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Жалпыұлттық басшы Н.Назарбаевы бар Орталық Азия аймағындағы жетекші ел ретінде танылған Қазақстан сіздердің елдеріңізбен ынтымақтастыққа ерекше мән береді», деді Қ.Тоқаев.

Төраға сонымен қатар бүгінгі Әзербайжан Қазақстанның кавказ аймағындағы стратегиялық әріптесі екенін атап өтті. Біздің елдеріміз экономика және саяси салада, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жаңа қатерлерге қарсы іс-қимылда жемісті ынтымақтасып келеді. Елеулі энергетикалық әлеуеті бола отырып Қазақстан мен Әзербайжан келісілген транзиттік саясат жүргізеді, Каспий бассейнінде табиғи ресурстарын қорғау ісінде өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Жыл сайын мәдени-гуманитарлық байланыстар нығайып келеді.

Біздің елдеріміздің парламенттері деңгейінде де байланыстар белсенді түрде дамып келеді. Саяси үнқатысуды нығайту мен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты өрістетуде парламентшілердің рөлі маңызды болып отыр. Қазақстан Парламенті Әзербайжанның жоғары заң шығарушы органын елдің аумақтық тұтастығы мәселелері жөнінде қолдау білдіреді.

Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясын құру туралы Қазақстанның бастамасы әзербайжан әріптестерден қолдау тауып отырғанын айта келіп Қ.Тоқаев парламентаралық ассамблеяның аясында өзара іс-қимылды нығайту туралы ойларын ортаға салды. Ол сондай-ақ Әзербайжанның парламенттік делегациясын ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының 17 сессиясына қатысуға шақыруын нақтылады.

Қазақстан делегациясының басшысы Әзербайжанның жалпы ұлттық басшысы Гейдар Әлиевтің зираты мен «Шейіттер аллеясы» мемориалдық кешеніндегі Мәңгі алау қасына гүл қою рәсіміне қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті