Қазақстанның рейтингтік орнын қалпына келтіруге 2008 жылды толық сарп ету межеленген - үкіметтегі ақпарат көзі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның рейтингтік орнын қалпына келтіруге 2008 жылды толық сарп ету межеленген - үкіметтегі ақпарат көзі

Қазақстанның рейтингтік орнын қалпына келтіруге 2008 жылды толық сарп ету межеленген - үкіметтегі ақпарат көзі

Астана. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның рейтингтік орнын қалпына келтіруге 2008 жылды толық сарп ету межеленген, деді агенттік тілшісінің еліміз бен бірқатар қазақстандық қаржылық құрылымдар мен ұлттық компаниялардың рейтингін Fitch агенттігінің төмендетуіне қатысты сұрағына берген жауабында үкіметтегі ақпарат көзі.

  • 19 Желтоқсан 2007
  • 449
Фото - Caravan.kz

«Осы мәселе бойынша Қазақстан өзінің орнын қалпына келтіруге 2008 жылды толық арнайтын шығар деп ойлаймын», — деді ол.

Оның хабарлауынша, «2007 жылдың нәтижесі белгілі бола сала үкімет тиісті мамандар тобын жинап, олар ақпан және наурыз айларында арнаулы роуд-шоу (тұсаукесер) ұйымдастырады, онда шетелдік агенттіктерге Қазақстандағы нақты ахуал туралы баяндалады».

Рейтингтің төмендеу себебі туралы сұраққа жауап берген ақпарат көзінің айтуынша, «рейтингтік агенттіктер осы жазда дағдарысты байқамай қалу арқылы өз беделдерін біршама түсіріп алды». «Аузы күйген үрлеп ішедінің керін киген олар енді Қазақстан секілді дамушы нарықтарға қатысты көптеген сұрақтарының болуына байланысты қыр көрсетіп отыр», — деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Fitch рейтингтік агенттігі 18 желтоқсанда Қазақстанның дербес рейтингін «Тұрақтыдан» «Кері» болғызып өзгертті. Сонымен бірге, Қазақстанның жеті банкі, «Қазақстан Темір Жолы»ҰК, «ҚазМұнайГаз» және «KEGOC» компанияларының рейтингтік болжамы төмендетілді. Ал бүгін осы рейтингтік агенттік «Астана-Финанс»АҚ бойынша рейтингтік болжамды «Кері» болғызып өзгертті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті