Жарияланды: 380

Қазақстанның СІМ республиканың ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасаудағы нақты басымдықтарын айқындауға кірісті - Тәжин

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның СІМ республиканың ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасаудағы нақты басымдықтарын айқындауға кірісті. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде осы мекеменің басшысы Марат Тәжин мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

М. Тәжиннің хабарлауынша, Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасаудағы нақты басымдықтарын айқындауға кірісті. "Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша үкіметке "Үштіктің" құрамында және ЕҚЫҰ төрағасы қызметінде атқарылатын 2009-2011 жылдарға арналған нақты жұмыстар жоспарын үкіметке енгізу жоспарланған", делінген СІМ хабарламасында. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін