Қазақстанның солтүстік өңірлерінде 1-3 градусқа дейін суытады
![]() |
4 қыркүйекте ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. |
Түнде және таңертең тұман болуы ықтимал, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, таңертең тұман түседі.
Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 1-3 градусқа дейін суытады.
Қызылорда облысында, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін