Жарияланды: 470

Қазақстанның тәжірибесі басқа елдерде кеңінен таратып қолдануға, жан-жақты зерттеуге және жүйелі назар аударуға тұратын тәжірибе - РФ президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі

Қазақстанның тәжірибесі басқа елдерде кеңінен таратып қолдануға, жан-жақты зерттеуге және жүйелі назар аударуға тұратын тәжірибе",- деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бүгін, 28-тамызда Алматыда өткен кездесуінің қорытындысы бойынша журналистерге арналған шағын баспасөз мәслихатында РФ президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Андрей Илларионов.

Оның хабарлауынша, Елбасымен кездесуде Қазақстан мен Ресейде жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформаларға қатысты әртүрлі мәселелер егжей-тегжейлі талқыланған. "Ресейге оралғаннан кейін біз Қазақстанда жасалып жатқан қадамдарды жан-жақты талдайтын боламыз. Мұндағы барлық қам-қарекет дұрыс бағытта жүзеге асырылып жатқандықтан өз нәтижесін беруде. Республика пәрменді даму үстінде",- деді А.Илларионов. Оның еліміздегі ресми сапары Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы президенттерінің әкімшіліктері арасындағы дәртүрлі айырбас аясында өткізіліп отыр. Бұған дейін Астана, Теміртау және Қарағанды қалаларында болған РФ президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі бастаған өкілдер Алматыда бірнеше күн аялдайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть