12 наурыздан бастап Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына (бұрқасын, көктайғақ) байланысты «Қалқаман-Баянауыл-Ботақара» күре жолының учаскесінде (0-93 шақырымдар) көліктің барлық түрлері үшін, «Алматы-Екатеринбор» күре жолында (885-1007 шақырымдар) жүк көліктері және қоғамдық көліктер үшін жол жабылған.
13 наурыз күні сағат 10:45-тен бастап «Қызылорда-Павлодар» тас жолының учаскесінде (970-1066 шақырымдары) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
13 наурыз күні сағат 12:00-ден бастап Астана қаласында күн райының қолайсыздығы (көктайғақ) себебімен Астана-Павлодар бағыты бойынша көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Павлодар облысында 13 наурыз күні сағат 12:15-тен бастап ауа райының қолайсыздығына (бұрқасын, көктайғақ) байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» күре жолының учаскесінде (205-259 шақырымдар) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
13 наурызда сағат 12:15-тен бастап ауа райының нашарлауына (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі, көктайғақ) байланысты «Астана-Павлодар облысының шекарасы» күре жолының учаскесінде (16-205 шақырымдар) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.