Қазақстанның туристік бағыттағы тартымдылығы артқан жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 488.11
  • 530.09
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның туристік бағыттағы тартымдылығы артқан жоқ

Қазақстанның туристік бағыттағы тартымдылығы артқан жоқ

Есеп комитеті 2010-2014 жылдарға арналған ҚР туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асырудың тиімділігіне бақылаудың қорытындыларын шығарды.

  • 12 Қараша 2012
  • 480
Фото - Caravan.kz

Есеп комитетінің бағалауынша, ҚР спорт істері және дене шынықтыру агенттігі мен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тарапынан үйлестіру жұмыстарының төмен деңгейі, орындаушылардың кәсіби тұрғыдан келе алмауы, жоспарлау кезеңінде мәселелерді сапалы пысықтау жөнінде тиісті шаралар қолға алынбағаны бағдарламаны тиімсіз жүзеге асыруға әкеліп соқты. Бақылау барысында 2,0 млрд. теңгеден асатын сомаға ҚР бюджеттік және басқа да заңнамаларының талаптарын бұзушылық анықталды.

Алматы облысының Қапшағай су қоймасы жағалауындағы «Жаңа Іле» халықаралық туристік орталығы, Маңғыстау облысындағы «Кендірлі» халықаралық курорты құрылысы, Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданындағы туристік кешен аумағын абаттандыру мен инженерлік-коммуникациялық жүйелері құрылысы мәселелері бойынша қажетті шаралар қолға алынбаған.

Отырыс барысында туризм индустриясы инфрақұрылымын дамытудың төмен деңгейі, ірі заманауи тау шаңғысы кешендерінде қызмет көрсету мен жайлылықтың жоғары деңгейі жасалмағаны атап өтілді.

Инвестордың болмауынан Алматы облысының Текелі қаласы ауданында тау шаңғысы базасын салу жобасы жүзеге асырылмаған. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі «Нұртау» демалыс тау шаңғысы базасын жаңғыртуды жүзеге асырған жоқ. Туризм индустриясы инфрақұрылымын салуда мемлекеттік-жеке әріптестік принципі жүзеге асырылмай отыр.

Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында жол жанындағы инфрақұрылымдар салудың үлгі жобаларын жасамаған. Қазақстанның беделін қалыптастыру, соның ішінде туризмді ақпараттық насихаттау үшін 720,0 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген, алайда туристік бағыт ретінде оның тартымдылығы артқан жоқ.

Туристік сала үшін мамандар даярлау жүйесін жетілдіру, елдің жоғары оқу орындарында сапалы туристік білім беру жүйесін жасау жөнінде тиісті шаралар қолға алынған жоқ.

Есеп комитетінің отырысы қорытындысымен Үкіметке бірқатар ұсынбалар әзірленді. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне, ҚР спорт істері және дене шынықтыру агенттігіне, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. Бақылаудың кейбір материалдарын құқық қорғау органдарына жолдауға шешім қабылданды.