Қазақстанның Түркиядағы және Египеттегі елшілері тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Түркиядағы және Египеттегі елшілері тағайындалды

Қазақстанның Түркиядағы және Египеттегі елшілері тағайындалды

Астана. 12-маусым. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлықтарымен Қазақстанның Түркиядағы және Египеттегі елшілері тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 13 Маусым 2008
  • 446
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, мемлекет басшысының жарлықтарымен Бағдат Құлтайұлы Әміреев Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды және ол Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Сирия Араб Республикасындағы, Марокко Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды;

Сондай-ақ, президенттің жарлығымен Бахтияр Сардарбекұлы Тасымов Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті