Қазақстанның жұмыс істеуге тартымды аймақтары анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның жұмыс істеуге тартымды аймақтары анықталды

Қазақстанның жұмыс істеуге тартымды аймақтары анықталды

«HeadHunter Қазақстан» зерттеушілері hh.kz порталында жұмыс іздеушілердің 2014 жылғы резюмелерін сараптаған.

  • 13 Тамыз 2014
  • 576
Фото - Caravan.kz

   Онда қазақстандықтар қай өңірге жұмыс істеуге барғысы келетіндерін анықталды.

Зерттеуге сәйкес, әрбір оныншы (9,3%) қазақстандық Астанаға көшіп кетуге дайын. Алматыға қоныс ауыстыруға ниет танытқандар шамамен екі есеге төмен — 5,3%. Аймақтар арасында ең тартымдылардың қатарында Атырау (1,6%), Маңғыстау (1,3%), Ақтөбе (0,7%) және Қарағанды (0,7%) облыстары тұр. Керісінше, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарына жұмысқа орналасуға барар едім дегендердің саны аз (0,2%). Алматы, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары 0,3 пайыздан алып отыр.

«Астана мен Алматы — біздің елдің ең ірі бизнес-орталықтары. Сондықтан дәл осы қалаларға деген сұраныстың жоғары болуы қисынды. Батыс Қазақстан — қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Әсіресе мұнай-газ, құрылыс, теңіз және балық шаруашылығы, туризм саласындағы мамандар үшін тартымды», — дейді «HeadHunter Қазақстан» компаниясының PR және маркетинг бойынша директоры Әсел Баженова.


Жыл басынан 13 тамызға дейін өткізілген зерттеу барысында hh.kz сайтындағы 281 327 резюме сараптамадан өтті.