Қазақтар не үшін фамилиясын ауыстырады немесе орыстілді қазақтар «ов»-тан неге арылғысы келмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтар не үшін фамилиясын ауыстырады немесе орыстілді қазақтар «ов»-тан неге арылғысы келмейді

Қазақтар не үшін фамилиясын ауыстырады немесе орыстілді қазақтар «ов»-тан неге арылғысы келмейді

Қазақтар неліктен өзінің тегін ауыстыруға құмар және шын мәнінде фамилия ауыстырып жүргендер кімдер?

  • 1 Ақпан 2019
  • 262
Фото - Caravan.kz

КАРАВАН басылымы аталған тақырып бойынша бірқатар мәселелерді көтерді  

— Ұлымның фамилиясын ауыстармын деп шештім,- деп бастады танысым әңгімесін. – ХҚКО – ға барып, құжат беретін қыздың қарсы алдында отырдым. Ол алдына жеке куәлік пен ұлымның туу туралы куәлігін алып, тегін кім деп қоятынымды сұрады. Әрине, атамның есімін дедім, оның аты Мұса. Ал әлгі қыз болса құжаттарға қарап, олай жасай алмайтынын айтты.

Баланың тегін жұбайымыз екеуіміздің құжаттарында бар есімдер бойынша ғана жаза алатын жеткізді. Ол жерде ешқандай Мұса деген есім жоқ. Фамилиям – Садық. Әкесінің есімі деген тұста — Мұқаш деп тұр. Сонымен Мұқаш деп қоюуға тура келді. Есесіне ұлымның аты-жөні, тегі таза қазақша – Аслан Мұқаш Ермекұлы. Әдемі!

— Неге бұлай істедің?,- дедім. — Сен Садықсың, қарындастарың мен бауырларың ескі Ибраимовты алып жүр. Отбасыңда қазірдің өзінде үш түрлі тек бар. Енді саған әрдайым бір әке мен бір шешеден тараған туыс екендіктеріңді дәлелдеуге тура келеді. Сенің балаларың іні-бауырыңыздың балаларын әлі де туысқан деп есептейтін болады. Бірақ, ертең немерелерің Ибраимовтарды ұмытып кетеді.

— Жоқ, мен қазақпын ғой,- деп, досым кеудесін соқты. — Қазақтарда фамилия болмаған. Тек есім ғана болған.

— Дұрыс. Болмаған. Бірақ XIX ғасырда. Қазір 21 ғасыр!

Қысқасы көндіре алмадым.Танысым мемлекеттік қызметте жұмыс істейді, әріптестерінің тең жартысы балаларының тегін өзгерткен.

Сол себепті дереккөздерді ақтарып, зерттеп көруге тура келді.

Ең көне фамилия – Эгиби. Вавилондағы сауда үйі осылай аталған.

Олар салық жинаушылар мен тұтынушылар еді. Олар туралы алғаш рет б.з.д 715 жылы жазылған. Ал 25 жылдан кейін Эгибидің немерелері императордың мемлекеттік қызметкерлер болды. Аталған үй табаны күректей 223 жыл жұмыс істеді. Егер елді парсылар жаулап алмағанда, онда одан да көп уақыт қызмет етер еді.

Тағы бір танымал фамилия — Мурашу. Бұл яһуди отбасы Вавилон дәуірі кезінде алғашқы банкті құрды.

Бізге қазір түсінікті әдеттегі фамилия ежелгі Римде пайда болса керек. Бір атаға тиесілі, бір топқа жататын барлық адамдар қауымдық ортақ атауға ие болды. Бұл Энтони, Аурелия, Клаудия, Юлия … Ал б.з.д. 230 жылы Сенат әкесінің есімі үлкен ұлына өту керек деген қаулы шығарды.

Бұл өз тарапынан не берді? Римде патрондар мен клиенттер арасындағы өзара құқықтық және экономикалық міндеттемелердің жүйесі – клиентела дамыды.

Бай отбасылар өз клиенттері мен еркіндік алғандарға қамқорлық жасап, оларды сотта қорғады және қаржылай көмектесті. Клиенттер сайланатын лауазымды қызметке барса барынша қолдау көрсетті.

Егер ол қайтыс болса, онда барлық міндеттер оның үлкен ұлына жүктелді.

Бұдан бөлек барлық клиенттер патронның атауын иеленді және отбасы мүшелері ретінде қаралды, отбасылық мерекелерге қатысты. Олар тіпті сол әулетке тиесілі ортақ қорымға жерленген. Бұл сол кезде-ақ тегі белгілі үлкен отбасы еді.

Жалпы қауымдық, рулық қоғам ыдырап, ел экономика мен қоғамдағы қарым-қатынастың жаңа формаларын іздестірді. Есімді сақтау бүкіл отбасының өмір сүруі ғана емес, сонымен қатар оның клиенттері үшін де маңызды еді.

Фамилия — алдымен мүлік пен ақша мәселесі. Сонда адам деген не? Қырық — алпыс жылдық ғұмыр, бары сол. Одан соң адам жоқ, ал ақша қалады.

Олар кімге қалады? Кім олардың қожайыны болады? Ал егер ол ақша емес, жер телімі болса ше? Немесе майшам зауыты немесе мыңдаған адам жұмыс істейтін автомобиль өндірісі? Тіпті болмаса жүздеген сауда кәсіпорны? Иесі болмаса, кез-келген мұндай бизнес құрдымға кетеді.
Қандас туыстарына ақшаны басқару оңай
. Егер бұл капитал болса, онда тек отбасы мүшесі ғана осы ақшаны сақтай алады және көбейте алады. Жақсы қожайын — ақшаның иесі, жаман адам — ​​тек қызметші.

XIX ғасырдың басында бұл мәселелердің барлығын Наполеон кодексі шешті. Заң барлық адамдардың теңдігін және әркімнің меншік құқығына ие болуын қамтамасыз етеді

Сондықтан әрбір адамның ерекше аты-жөні болуы керек. Бұл ереже континенталды құқықтық жүйесін қабылдаған барлық елдерге тарады. Оның ішінде Ресей империясы да бар.

Арабтар өзгеше жолды таңдады. Оларға саудагер халық ретінде адамның сол отбасына тиесілі екенін көрсету керек болды.

Сондықтан өз ата-тегіне барлық ата-бабаларының есімдерін енгізе бастады. Нәтижесінде арабтарда адамның аты-жөні, әкесінің ныспы — насаб, дәрежесі – лакаб, тауған жерінің атауы – нисба, кәсібі мен лақап аты қоса жазылды. Оның үстіне, ұлының есімі де адамның аты-жөніне қосылуы мүмкін. Салдарынан кісі есімі оннан астам сөзден тұруы ықтимал. Камал ад-Дин Абдул-Баракат Абдуррахман ибн Мұхаммад ибн Убайдулла ибн Әбу Саид әл-Әссари әл-Анбари. Бұл ұлы филолог кімнің есінде бар? Күлкілі әрине, есесіне ерекше есім.

Ресми түрде қазақтардың есімі де арабтардыкі сияқты жазылуы керек еді. Оның құрамына аты-жөні, әкесінің аты, ру аты, лақап аты мен кәсіп атауы кірді.

Қабанбай батырдың толық аты-жөні — Қарақерей Ерасыл Қожағұл Қабанбай батыр. Ендеше осы ұлы адамның атымен аталған барлық көшелерді де дәл солай жазайық! Бірақ….

1920 жылдары Азаматтық кодекс құжаттарға ру атауларын жазуға тыйым салған. Рушылдық, жершілдікпен күресу мақсатында. Бұл ереже әлі күнге дейін сақталып келеді.

Әйтпесе, Арғын Серік, Албан Берік, Тама Асқар және Қожа Төлеген деген достарыңыз болатынын көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Және бұл олардың ресми атауы болады!

Ресей мен Наполеон дамыған қоғамның барлық нормаларына жауап беретін азаматтық тіркеу жүйесін жасады. Сонымен қатар ұлттық ерекшелігі бар атау беруге мүмкіндік береді. Әрине жақсы тәжірибе жинақтаған дұрыс. Әйтпесе, бізге еуропалықтар XVIII ғасырда өтіп кеткен жолды қайталап жүріп өтуіміз керек болады.

Тағы бір байқағанымыз, еліміздегі ірі кәсіпкерлер арасында есімдерін ұлттық дәстүрлерге сай өзгерткен адамдар жоқ. Сонымен қатар, олардың барлығы дерлік орыстың – ов және –ев жалғауын сақтап қалған.

Әрине ешкім «ов», «ев»-ті сақтап қал демейді. Ең бастысы туыстар бір атадан тарайтынын білдіретін ортақ фамилия ережесін сақтаса.

Ал Қазақстанда сонда кімдер есім-сойын өзгертеді? Бұлар көбінесе мәдениет қызметкерлері, діни қызметкерлер мен шенеуніктер. Алғашқыларының не үшін ауыстырғаны түсінікті, оларға халыққа жақын екендіктерін көрсету керек. Имамдар да дәл солай. Бірақ мемлекеттік қызметкерлерге сұрақтар туындайды. Салық органдарынан.

Тегіңізді не үшін ауыстырдыңыз? Кімнен жасырынып жүрсіз?

 

Адил Урманов

Соңғы жаңалықтар