Жарияланды: 500

Қазақтың әншілеріне шетінен бишіге айналуы мүмкін

Қазақтың әншілеріне шетінен бишіге айналуы мүмкін. Әсіресе, заманауи hip-hop, break және wacking бағытына еліккен. Себебі «Wake Up» деп аталатын құрылғанына екі жыл енді толған топ ірі би мектебін ашқалы отыр. Студия әншілерді сахнаға жай шықпай, қозғала шығуға үйретпек.

Андрей Хван, «Wake Up» би тобының жетекшісі:

- Өнер иесін сахнаға, ең бастысы биге дайындаймыз. Сондай-ақ, вокал жағынан да әзірлік жүргіземіз. Нақты айтқанда, «Wake Up» шығармашылық мектеп студиясын ашудамыз.

Топтың әр мүшесі бимен кемі 10 жылдан бері кәсіби айналысқан. Бастапқыда құрамы 5 хореографтан жасақталған болатын. Бірақ соңғы екі жылдан бері «Wake Up» деген атпен, шоу-бизнеске енуде. Мәселен, бишілер Қайрат Нұртас, Luina, «Кешью», «ORDA» сынды белді әнші топтармен бірлесіп, сахналық қойылымдарға, клиптерге және ірі телевизиялық жобаларға қатысып келеді. Топ қимыл-қозғалысы заманауи икемге негізделген кез келген бағытта жұмыс істейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін