Қазақтың белгілі ақыны Есенғали Раушанов қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың белгілі ақыны Есенғали Раушанов қайтыс болды

Қазақтың белгілі ақыны Есенғали Раушанов қайтыс болды

Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов дүниеден өтті.

  • 16 Сәуiр 2021
  • 66
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақберен Елгезек жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Қадірлі ағайын!

Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушановтан айырылып қалдық.

Алла алдынан жарылқасын. Асыл рухы бейіштің төрінде шалқысын. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі",- деді ол.

Есенғали Раушанов 1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақ АКСР-інде туған.

1973 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Келінтөбе совхозындағы №192 орта мектепті бітірген соң, 1975–1977 жж. Кеңес әскери күштері қатарында Солтүстік Кавказ әскери округінде қызмет атқарды. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Өлеңдері 1973 жылдан бері жарияланып келеді. 1983 жылы «Бердәулет пен Жоламан» атты поэмасы Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің, Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті мен «Жалын» баспасының озық шығармаларға жариялаған бәйгесінде бірінші орын алды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006). «Құрмет» орденінің иегері. Қазақстанға еңбегі сіңген баспа қайраткері. Ш.Есенов атындағы Ақтау техникалық университетінің құрметті профессоры.