"Қазақылыққа" салынып жүргенде, вирус өршіп кетуі мүмкін", - саясаттанушы - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақылыққа" салынып жүргенде, вирус өршіп кетуі мүмкін", - саясаттанушы

"Қазақылыққа" салынып жүргенде, вирус өршіп кетуі мүмкін", - саясаттанушы

Саясаттанушы Ерлан Саиров карантиннің уақытын созу керектігін айтты.

  • 10 Мамыр 2020
  • 37
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Төтенше жағдай жөніндегі Мемкомиссияның назарына!
Пандемия жәй болса да, өсіп барады.
Кешелі-бүгін көшеде жүрген халық маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау мәселесін ұмытып кеткен тәрізді.
Тоқмейілсуге болмайды.
Эпидемия біткен жоқ.
"Қазақылыққа" салынып жүргенде, мәселе өршіп кетуі мүмкін.
Осы орайда, Төтенше Жағдай жөніндегі Мемкомиссияға келесі ұсыныстар.
1. Төтенше Жағдайды тоқтатып, карантиннің уақытын созу керек.
2. Адамдар ертеңнен жұмысқа шыққан жағдайда маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, антисептиктерді пайдалану мәселесінің нормасын бекіту маңызды.
3. Офистер мен бизнес- орталықтарға маскасіз кіруге, антисептиктерді жиі пайдалану мәселесін реттеу абзал.
4. Халыққа теледидар, әлеуметтік желілер арқылы санитарлық нормаларды сақтаудың маңызы жөнінде қүлақтандыруды жалғастыру керек.
5. Маска, антисептик, әлеуметтік қашықтық мәселесі бойынша хабарландыру, бейнероликтер, радио хабарлама жасауға шұғыл кірісу керек.
Бұл іс- шараларды іс- жүзіне асырмаса, жағдай ушығып кетуі мүмкін.
Олай болса, эпидемиологиялық жағдай ауырлап, халықтың жағдайы қиындайды", — деп жазды ол.


 

Төтенше жағдай жөніндегі Мемкомиссияның назарына! Пандемия жәй болса да, өсіп барады. Кешелі-бүгін көшеде жүрген халық…

Posted by Erlan Sairov on Saturday, May 9, 2020