«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-ның басшысы Нұрлан Қаппаров Бейжіңде қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-ның басшысы Нұрлан Қаппаров Бейжіңде қайтыс болды

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-ның басшысы Нұрлан Қаппаров Бейжіңде қайтыс болды

Бүгін сағат 14:30-да Қытай астанасындағы мейрамханалардың бірінде түскі ас мезгілінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-ның басшысы Нұрлан Қаппаров жүрек талмасынан қайтыс болды. 

  • 26 Наурыз 2015
  • 909
Фото - Caravan.kz

Қаппаров Нұрлан Жамбылұлы — «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы. 

1970 жылы туған. Алматы технология институтын, Гарвард университетінің Дж.Кеннеди атындағы Жоғары басқару мектебін бітірген, мамандығы бойынша инженер-экономист, мемлекеттік басқару магистрі.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, «Акцепт» корпорациясын құрып, 1991 жылдан 1997 жылға дейін оның президенті болды.
«КазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания», «Казахойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» акционерлік қоғамдарының президенті болып жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары болып тағайындалған.
2003 жылдан — «Ланкастер групп Казахстан» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
2012 — 2013 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрi.
2013-2014 Қоршаған ортаны қорғау және су ресустары министрі 
2014 жылдың 7 тамызынан бастап, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы мен директорлар кеңесінің мүшесі.