«Қазцинк» Франциядағы ұшақ апатында қаза тапқан Иманқұловтар отбасына көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазцинк» Франциядағы ұшақ апатында қаза тапқан Иманқұловтар отбасына көңіл айтты

«Қазцинк» Франциядағы ұшақ апатында қаза тапқан Иманқұловтар отбасына көңіл айтты

 «Қазцинк» компаниясының қызметкерлері Францияның оңтүстік-шығысында апатқа ұшыраған А-320 ұшағында қаза тапқандардың отбасылары мен туған-туыстарына қайғыға ортақтасып, көңіл айтты. 

  • 26 Наурыз 2015
  • 555
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін хабарланғандай, ұшақ апатында қаза тапқандар қатарында қазақстандықтар да бар. Олар: «Қазцинк» ЖШС директорының орынбасары Айжан Исенғалиева, оның жолдасы Ербол Иманқұлов және ұлдары — Әділ.

«Қазцинк» ЖШС атқарушы директоры Андрей Лазаревтің айтуынша, қаза тапқан Айжан Исенғалиева компания қызметкерлері және олардың отбасыларының демалысын ұйымдастырумен айналысқан.

Ербол Иманқұлов та бұрын «Қазцинкте» қызмет етіп, «Жаңа металлургия» мыс зауыты жобасына жетекшілік жасаған. Жоба аяқталған соң, Қарағандыдағы «Тау-Кен Темір» компаниясын басқарады.

Халықаралық және өзгеде қажетті құжаттар толтырылған соң мәйіттерді Қазақстанған жеткізу және жерлеу рәсімдері компания тарапынан ұйымдастырылатын болады. Сондықтан, «Қазцинк» компаниясы ҚР СІМ дипломатиялық қызметімен және рейсті орындаған әуекомпания өкілдерімен тығыз байланысып отыр.


Айжан Исенғалиеваның таныстарының айтуынша, Өскеменде виза рәсімделмегендіктен қаза тапқан отбасының 14 жастағы қызы Испанияға кете алмай, аман қалған.