Жарияланды: 670

"Қазпошта" ашық акционерлік қоғамында Қазақ тілі күндігі өткізілуде

Бүгін, 27-тамызда "Қазпошта" ашық акционерлік қоғамының орталық кеңсесінде Қазақ тілі күндігі өткізілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазпошта" ААҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Бүгін барлық департаменттер мен басқармалардың қызметкерлері күні бойы қазақ тілінде сөйлесетін болады. Акционерлік қоғам мемлекеттік тілді дамытудың кешенді бағдарламасын жасап, пошта қызметкерлеріне арналған қазақ-орыс тілашар сөздігін шығарды. Қазақ тілін үйренуге арналған курстар тұрақты жұмыс істейді. Бүгінгі акция бағдарламасында басшылардың баяндамасы, пікірталастар, сахналық қойылымдар тәрізді сан-салалы шаралар ескерілген. Шараға "Қазпошта" ашық акционерлік қоғамының орталық кеңсесінің қызметкерлері, аударма бөлімі мен құжаттық қамтамасыздық басқармасының мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің қызметкерлері , Алматы қалалық әкімшілігінің өкілдері қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін