Жарияланды: 490

«ҚазСат-2» жер серігі 15-шілдеде ұшырылады

«ҚазСат-2» жер серігі 15-шілдеде ұшырылады

Қазақстандық «ҚазСат-2» және америкалық OS-2 жер серіктерін орбитаға шығаратын «Протон-М» зымыраны 15-шілдеде ұшырылады.

«ҚазСат-2» жерсерігін құрастырушылар аппаратты қосымша тексеру туралы шешім қабылдағандықтан «Протон» зымыранын ұшыру мерзімі шілденің 10-ынан 15-іне ауыстырылды. Ұшыру уақыты өзгерген жоқ, зымыран сағат 03:15 (мск) ұшырылады», - деді ақпарат көзі. Америкалық SES-3 (OS-2) жер серігін SES Americom компаниясының тапсырысы бойынша Orbital Sciences Corporation әзірлеген. Салмағы үш тоннадан асатын спутник С-жиіліктегі 24 транспондер мен Ku-жиілігіндегі 24 транспондер орнатылған. Ол геостационарлық орбитада кем дегенде 15 жыл жұмыс істеуі тиіс. Спутник Солтүстік және Оңтүстік Америка халқына телекоммуникациялық қызмет көрсетуге негізделген. «ҚазСат-2» телекоммуникациялық жер серігін Мәскеудегі М.Хруничев атындағы орталық жасап шығарды. Ғарыш аппараты 20 ретранслятормен жабдықталған. Салмағы 1330 келіге жуықтайды. Орбитада 12 жыл жұмыс істейді деп жоспарланған спутник Орталық Азия мен Ресейдің орталық бөлігіне қызмет көрсетеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін