Биылғы жылы жобаның жұмысы аяқталады. Осыған қарай «Қазтелерадио» компаниясы Қарағанды, Астана және Алматы қалаларында жоспарға сай ілкі жоба ретінде сандық хабар тарататын құрылғы орнататын болады. Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Байланыс және ақпарат вице-министрі Ризат Нұршабеков айтты.
Оның сөзіне қарағанда, аталмыш бағдарламалар 3 жылға жоспарланады. «Осыған қарай шамамен 2017 жылдарға таман елде әдеттегі телехабар тарату жүйесін тоқтатуымыз керек»,-деді министрдің орынбасары.