ҚазҰУ - бірегей білім ордасы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚазҰУ - бірегей білім ордасы

ҚазҰУ - бірегей білім ордасы

Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – ерекше мәртебесі бар, Қазақстанның жетекші классикалық университеті, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы.

  • 22 Сәуiр 2022
  • 25
Фото - Caravan.kz

Университтің миссиясы – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру.

Университет білім алушы тұлғаның жан-жақты дамуына, өзін-өзі кемелдендіруіне қажетті жағдай жасау үшін бар күш-жігерін салып, студенттік өзін-өзі басқаруға, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеуге мол мүмкіндіктер тудыруда. Соның аясында университет қабырғасында адам өміріне қажет, ғылымдар жүйесінің бастауында орын алған психология пәні негізгі және міндетті пәндердің қатарында оқытылады. Бұл басқа мамандықта оқитын студенттер мен магистранттар үшін үлкен мүкіндік. Сол себепті, біз, филология факультетінің 1-курс магистранттары «Басқару психологиясы» пәнін аса қызығушылықпен, ынтамен оқимыз. Қай салада болмасын басқарудың психологиялық аспектілерін білу өте маңызды. Осы тұрғыда біздің психологиялық біліміміздің кеңейуіне, психологиялық танымымыздың тереңдеуіне, психологиялық ойлауымыздың қалыптасуына атсалысып жүрген «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының профессоры,психология ғылымдарының кандидаты – Н.С. Жубаназарова. Ол бізге «Басқару психологиясы» пәнінен сабақ береді. Бұл пәннің оқудапсихологиялық қызметті ұйымдастыру, психологтың теориялық кіріспесі және әдістемелік дайындықтың қажеттілігін түсіндіру, мәселеге бағытталған байланыс, принциптарды ғылыми жинақтау, психологиялық қызметтің міндеті мен тәсілін практикалық психологтардың технологиялық аспект әрекетінде зерттеу, басқару іс-әрекетінің психологиялық негізі туралы жүйелі білімдерді қалыптастыру, кәсіби іс-әрекет психологиясының әдістерімен және оның тәжірибеде қолдану жолдарымен таныстыруда маңызы зор.

Басқару – бұл адамға белгілі бір өкілеттілікті, берілген билікті пайдалануға мүмкіндік беретінқызмет. Адамдар бар жерде басқару жұмысы болмаса, іс алға баспайды. Сол себепті «Басқару психологиясы» пәнін аса қызығушылықпен түсіне оқып жүрміз. Пәнді оқу барысында қазақ және орыс зерттеушіліренің көптеген еңбетерімен таныстық. Сол еңбектерді оқу арқылы өзімізге көптеген пайдалы мәліметтер ала білдік. Әр ғалымның айтқан тұжырымдамасымен таныса отырып, оны басқа ғалымдардың еңбектерімен салыстыра, саралай қарастырдық. Кәсіби іс-әрекет психологиясы пәнінің пайда болуы мен дамуын, оның негізгі ұғымдарын, анықтамаларын, қағидаларын, психологиялық құбылыстар, тұлғалық қасиеттер және психикалық үрдістердіңзаңдылықтарын білдік.

Ғалым Н.С. Ахтаеваның «Басқару психологиясы» еңбегі, Э.К. Қалымбетованың «Басқару психологиясы», Т.С. Кабаченконың «Психология управления», Л.А. Вайнштейннің «Психология управления и основы лидерства» атты оқулықтарын оқи отырып, отандық және шетелдік әлеуметтік және ұйымдастырушылық психологиясының тәжірибесіндегі әдістемелердің ерекшеліктерін, қазіргі кезеңдегі әр түрлі әдіс, тәсілдерді практикалық тұрғыда қолдану тиімділігін, алған білім, дағды, іскерліктерін болашақ кәсіби іс-әрекет пен оқу-танымдық үрдісінде өз бетінше пайдалануды, әлеуметтік және ұйымдастырушылық қабілеттерді қалыптастыруды меңгердік.


Басқару психологиясы – басшылық іс-әрекетінің психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психологияның саласы болғандықтан, оның мақсаты – басқару жүйесінде жұмыстың тиімділігін арттырып, сапалылығын жетілдірудегі психологиялық жағдай мен ерекшеліктерін талдау.Ал адамдардың іс-әрекеті белгілі бір басшылық жасап, бағыттауды қажет етеді, олай болмаса мақсатқа жету мүмкін емес. Сондықтан адамдардың қойылған белгілі бір мақсаттарына жету үшін басқарушылық қабілеті болуы тиіс. Сонымен қатар ұйымдастырушылық қабілеттері мен шешім қабылдау қабілеттері жақсы дамығаны жөн. Осы тұрғыда «Басқару психологиясы» пәні үлкен рөл атқарады. Осы пәнді оқи отырып біз болашақта қандай ұйымда жұмыс жамамасақ та, жұмысымыз бен нәтижелеріміздің жоғары болуы үшін не істеу керектігін үйрендік. Пән жұмыс тобындағы басқару мен көшбасшылық процестерін зерттеуге мүмкіндік берді, бір ортақ мақсатта жұмыс істейтін топ ішіндегі процестер туралы білім берді. Сол себепті біз болашақта кез-келгенұйымның сауатты басқарушы персоналы болып қалыптасып, топта оң микроклиматтыңқалыптасуына ықпал ете аламыз. Оған әсер ететін осы пәннен алған біліміміз.

Жубаназарова Н.С.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

психология ғылымдарының кандидаты, профессор

Кадирова Р.А.

Абдуразакова Ұ.Б.

Филология факультеті,

қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының

1-курс магистранттары