Жарияланды: 290

Қ.Келімбетов: «Биыл инфляция деңгейін тарихта болмаған көлемде түсірдік»

Бүгін еліміздің Бас банкирі Президенттің алдында әбден мақтанды. Ұлттық банк төрағасы: «экономикалық қиындықтарға қарамастан Қазақстандағы инфляция деңгейін бұрын-соңды тарихта болмаған көлемде түсірдік» дейді.

Қайрат Келімбетовтың айтуынша,  жыл басынан бері  еліміздегі инфляция деңгейі  1,4 пайыздан аспай, тұрақтап  тұр екен. Бас банкирдің  өзі бұл көрсеткішке қатты таңдай қағып отыр. Келімбетовтің оптимизмге толы мәліметтері мұнымен шектелмейді. Ұлттық банктің халықаралық резерві 29 миллиард долларға жетіпті. Салымдар 2 жарым пайызға артқан. Тіпті, уақытылы төленбей келген қарыздардың да көлемі күрт азайған көрінеді. Бірақ Келімбетов  шілдеде доллардың теңгеге шаққандағы бағамының дәлізі 170-198 теңгеге дейін қымбаттағаны  туралы жақ ашпады. Бас банкирдің есебін мұқият тыңдап алған Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар ескерту айтып, тапсырмалар берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазір көп нәрсе Ұлттық банктің, мемлекеттің ақша-несие саясатына тәуелді болып тұр. Бюджеттің нашарлауына, экспорттық тауарларға бағаның төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің жұмысын барынша жақсартуымыз керек. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін