Жарияланды: 480

ҚХР елшісі Яо Пэйшэн еліміздегі дипломатиялық өкілдігін аяқтады

Бүгін, 2-қыркүйекте ҚР парламенті сенатының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Яо Пэйшэнмен жүздесті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

"Қазақстанмен қоштасуға арналған сапарым барысында өткен үш жарым жыл ішіндегі етене жақын ынтымақтастық үшін өз басым үлкен ризашылық алғысымды білдіремін",- деді Қытай елшісі. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасты "мейірбан достық байланыс" ретінде бағалады. Сонымен бірге Яо Пэйшэн "жаңа елші парламент пен елшілік арасындағы күні бүгінге дейін әлсіз болып келген байланыстарды нығайтады" дегенге сенім білдірді. Сондай-ақ, Яо Пэйшэн О.Әбдікәрімовке өзінің Қытай Халық Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалғанын хабарлады. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Қытай арасындағы екі жақты достық байланыстарды нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Яо Пэйшэнді 2-дәрежелі Достық орденімен марапаттаған болатын. ҚР президенті қытай елшісінің жұмысына жоғары баға берді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін