Бұл туралы бүгін діни басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.
«Соңғы кезде ҚМДБ-на азаматтардан, қоғам қайраткерлері мен жазушылардан М.Телібековтің «Мұсылмандар одағы» президент сайлауына қатысуымды сұрап отыр» деген мәлімдемесіне байланысты көптеген сұрақтар түсіп жатыр. Біз Әділет министрлігіне сауал жолдадық. Министрліктің жауабында «Қазақстан Мұсылмандар одағы» деп аталатын ұйымның тіркелмегені жазылған. Ал, М.Телібеков қандай да бір діни ұйым басшысы немесе мүшесі ретінде тіркеуден өтпеген», — делінген хабарламада.
Басқармадағылардың пікірінше, «М.Телібековтің өзін Мұсылмандар одағының басшысы деп атап, аты бар, заты жоқ ұйымның атынан сөйлеуге хақысы жоқ».