Заңсыз тауарын ол газ баллонының ішіне тыққан. Шекарада тұрған кеденшілер көрмей қалады деп ойласа керек. 25 қапшыққа бөлек-бөлек буып-түйілген есірткіні иісшіл ит бірден тапты. Ал, қулығын асырмақ болған қонақ мұның бәрін өз тұтынушыларына жеткізбек болған. Қара базардағы құны миллион долларға жуықтайтын тауарды оның қайдан және кімге жеткізіп бермекші болғанын қазір тергеушілер анықтап жатыр.