Жарияланды: 720

Қоршаған ортаны қорғау - болашақтың кепілі

Қоршаған ортаны қорғау - болашақтың кепілі

Қазір елімізде экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері аса өзекті тақырыпқа айналып отыр. Осыған байланысты үкімет тарапынан қабылданып жатқан ауқымды шаралар да аз емес. Дегенмен, елдегі нақты экологиялық ахуалдың қандай екені көпшілікті мазалайды.

Жалпы өткен ғасырда соңында "экология"терминін тек биологтар ғана қолданды. Ал бүгінде аталған ұғым кең мағынаға ие болды. "Экология" терминін 1866 неміс жаратылыстанушысы Э. Геккель енгізген. Бұл ұғым грек тілінен аударған "үй туралы ілім" деген мағына береді.Қазіргі мағынасында экология пәні жалпыламалық сипатқа ие болып, бүкіл тіршілік заңдылықтарын зерттейтін ғылымға айналып отыр.

Caravan.kz медиа-порталы соңғы кездері Қазақстандағы экология және қоршаған ортаны қорғау бойынша көтерілген өзекті мәселер мен оқиғаларға шолу жасады.

Шілде айында ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің алқа отырысында қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, эмиссия деңгейін төмендету, мемлекеттік қызметті оңтайландыру мен ашықтығы және бақылау қызметі бойынша мәселелер қаралды.

Өткен жартыжылдықта қоршаған ортаға келтірілетін зиянды азайту мақсатында ҚР Энергетика министрлігі әр облыс үшін Қоршаған ортаның нысаналы көрсеткіштерін әзірлеуге бастамашылық танытты. Олар өңірлердегі ластаушы заттар эмиссияларының рұқсат етілетін көлемін анықтап, табиғат қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын құруға мүмкіндік береді.

Елдің барлық өңірлерінде бұл бағытта ғылыми жұмыстар жүргізілуде, тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының әкімдіктерімен бұл мақсаттарға қаражат бөлінген жоқ. Осы ғылыми зерттеулердің қорытындысымен алынған талдаулар еліміздің өңірлеріндегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін пайдаланылатын болады.

ҚР Энергетика министрлігі ведомство жұмысының маңызды нәтижелерінің бірі 2017 жылғы екінші жартыжылдыққа мемлекеттік экологиялық бақылаулардың ішінара тексерулер санының 2/3-ке қысқарғанын атап өтуге болады.

Алдағы уақытта қоршаған ортаға неғұрлым көп зиян келтіретін табиғат пайдаланушылар ғана тексеріліп, сапалы жұмыс істейтін, яғни экологияға зиян келтірмейтін табиғат пайдаланушылар тексерілмейтін болады, осылайша тексерулер азаяды.

Ірі табиғат пайдаланушылардың жобаларына экологиялық сараптама жүргізу Сараптау кеңестерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Олардың құрамына қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми институттар, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Талқылау барысында халық пен жұртшылықтың пікірі ескерілетін қоғамдық тыңдаулар міндетті кезең болатын болады.

Сондай-ақ, қоршаған ортаға келтірілетін зиянды төмендету жұмыстарын күшейту, табиғат пайдаланушылардың табиғатты қорғау жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыруы ҚР Энергетика министрлігі ведомствосының басты ұстанымы болып табылады.

Өңірлердегі экологиялық проблемаларға ерекше көңіл бөлу, қоршаған орта саласындағы заң бұзушылықтарды анықтап, жолын кесу, сондай-ақ экологиялық заңнаманы жаңарту және жетілдіру жұмыстарын ұдайы жүргізу қажеттілігі атап өтілді.

Дегенмен елімізде экологиялық қауіпсіздікті сақтамай отырған деректер де кездеседі.

Семейде пайдалы қазбалар неге заңсыз өндірілген?

Семей қаласы прокуратурасының бастамасымен, ШҚО бойынша экология департаменті қызметкерлерінің Семей өңірі аумағында 2017 жылдың үшінші тоқсанында, кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің жолын кесу мақсатында ҚР экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау бойынша бірлескен іс-шаралар өткізілді.

Бірлескен іс-шаралардың қорытындысы бойынша Семей өңірі аумағында құмның, саздың, құм-қиыршық тас қоспасының заңсыз өндіру оқиғалары, қазылған шұңқырлар, шағын карьерлер айқындалған.

Бірлескен іс-шараларды өткізу барысында маркшейдермен заңсыз өндірілген ҚҚҚ-дың көлемі анықталған. Мемлекеттік экологиялық инспекторлармен, анықталған көлемдер бойынша залалдың алдын ала есептемелері жасалды. Семей қаласы прокуратурасымен заң бұзушылардың жеке бастары анықталуда. ІІБ қызметкерлерімен ШҚО бойынша экология департаменті мекенжайына істердің материалдары жолданған кезде, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылатын болады және залалдардың мөлшерлері есептеледі.

Көшеде өртелген медициналық қалдықтар

ШҚО экология департаментімен Өскемен қаласы Свобода көшесі көпқабатты үйдің тұрғындарының атынан айдалада пластмасса иісіне тән белгісіз заттарды өртеу фактісіне қатысты шағым келіп түсті.
Департамент тарапынан қызметкерлердің оқиға орнына жедел баруы ұйымдастырылды. Орынды көру барысында шағымда көрсетілген факт расталды. 2017 жылдың 15 қыркүйегінде Департамент Өскемен қаласы ІІБ бастығына аталмыш жағдай бойынша орын алған оқиға фактісі бойынша шара қолдану жөнінде өтінішпен жүгінді.
2017 жылдың 19 қыркүйегінде Өскемен қаласы қызметкерлерімен Департамент инспекторларының қатысуымен ашық аспан аясында қораптарға жиналған медициналық қалдықтарды автокөліктен түсіріп, өртеу әрекетінде ГАЗ 3302 (ГАЗЕЛЬ) маркалы автокөлігі ұсталды.
Қалдықтарды жою заңсыз әрекеті полиция қызметкерлерімен әшкереленіп, заңсыз әрекет фактісін құжатқа бекіту іс-шаралары жүргізілді.

Қоршаған ортаны ластағаны үшін 157 млн теңге айыппұл арқалады

Табиғатты қорғау прокурорлары табиғатқа келтірілген залал үшін жеке меншіктегі «Нова цинк» компаниясына өтемақы төлетті. Қарағанды облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының аға прокуроры Динара Бекежанованың хабарлауынша, кәсіпорын өзінің айналасына қалдықтарды заңда көрсетілген рұқсатсыз тастап келген. Компания байытылған қорғасынды-цинк рудасы мен қорғасын-цинк қоспасын өндіреді. «Тексеру барысында экология заңнамаларын бұзу жағдайы анықталды. Табиғатты қорғау прокуратурасы істі сот органдарына жолдады. Экономикалық сот шағымды толық қанағаттандырды. Кәсіпорыннан 157 млн теңге көлемінде шығын өндірілді»,-деді Динара Бекежанова. Тағы 154 млн теңгені компания қоршаған ортаға деген заңсыз эмиссия үшін төледі.


Ақмола облысында заң бұзған 5 мың дерек тіркелді

Ақмола облысында жыл басынан бері қоршаған ортаны қорғау бойынша 5 мыңнан астам заң бұзу дерегі анықталған. Олардың 39-ы қылмыстық іс ретінде қаралып, тиісінше жаза қолданылған. Ал 300-ге жуық адам заңсыз аң аулағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Полицейлер браконьерлерден 200 келіден астам балық тәркілепті. Одан бөлек дала жануарларына да зиян келтіргендер де аз емес. Айта кетейік, 2015 жылдан бастап, заңсыз балық және аң аулағандарға жаза күшейтілді. Заң бұзғандар қазір үш жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді немесе 70 тәулікке темір торға тоғытылады. Ал өте сирек кездесетін аңды аулағандарға 6 млн теңгеден астам айыппұл салынады немесе бас бостандығынан айырылады. Гүлнар Пинчук, облыстық ІІД баспасөз хатшысы: - Заңсыз аң аулағандардың көбісі «Қызыл кітапқа» енген елік, марал секілді аңдарға аңшылық жасағандар. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір де табиғатты қорғау полицейлері мұндай рейдтерді жалғастырып жатыр.
 

Ғалымдар Баянауылға инновациялық әдіспен газ жібермек

Инновациялық әдіс арқылы көмірді 100 пайыз газға айналдыра аламыз. Біз Қазақстанды газбен қамтамасыз етуге байланысты жобамызды ұсынуға дайынбыз. Мысалы, Баянауыл, Торайғыр, Майқайың кентін осы әдіс арқылы газбен қамтамасыз етуге болады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте «Көмір химиясы және технологиялар институты» ЖШС директоры, х.ғ.д., Болат Ермағанбет айтты, деп хабарлады Baq.kz

Қазіргі таңда Павлодар облысының әкімдігімен келіссөз жүргізіп жатыр. Баянауыл ауданын газбен қамтамыз етуге байланысты жобамызды ұсынуға дайын. Себебі, бұл курортты аймақ қой», - деді ғалым. Осы орайда Болат Ермағанбет Павлодар облысының 3 өңірін көмірді өңдеу арқылы газбен қамтамасыз етуге болатынын жеткізді.

Трансшекаралық өзендердегі төтенше жағдайларды жою

2017 жылғы 25-27 қазан аралығында Алматы қаласында Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қазақстан-қытай комиссиясының Трансшекаралық өзендердегі төтенше жағдайларға жедел ден қою және ондағы ластанудың алдын алу жөніндегі жұмыс тобының 6-шы отырысы өткізілді. Отырысты жұмыс тобының басшылары З.С. Жолдасов қазақстан тарапынан және Фэн Сяобао қытай тарапынан жүргізді.

Отырысты жүргізу барысында Тараптар 5-ші отырыс хаттамасының орындалу барасы туралы хабардар етілді және трансшекаралық өзендердің ластануын алдын алу жөніндегі іс-шаралар және жүргізілген жұмыстар туралы бір-бірлерін таныстырды.

Тараптар төтенше экологиялық жағдайларға жедел ден қою және трансшекаралық өзендердің ластануын алдын алу саласында заңнамалық және нормативтік актілермен алмасу және ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруға келісті, сонымен қатар, трансшекаралық өзендерде төтенше жағдайлар туралы жедел хабардар ету бойынша жаттығу жүргізуге келісті.

Сонымен бірге, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Комиссия отырысының 6-шы отырысы Хаттамасына сәйкес, әр тараптар трансшекаралық өзендерде төтенше жағдай туындағын жағдайда, трансшекаралық әсерді қысқарту және жою бойынша Кешенді іс-шаралар әзірлеу туралы мәселені талқылады және жоғарыда көрсетілген кешенді іс-шараларды өзара таныстыру және әрі қарай үйлестіру үшін Жұмыс тобының 7-отырысында ұсынуға келісті.

Қазақстанның ядролық қоғамы

2017 жылғы 17-20 қазан аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Қазақстанның ядролық қоғамы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің өкілдері (АЭХА) мен сарапшыларының қатысуымен «Атом энергетикасы саласына мүдделі тараптардың қатысуы және коммуникация» атты семинарды ұйымдастырды.
Семинар жұмысына ҚР Энергетика министрлігінің, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ның, «Ядролық физика институты» РМК-ның, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның, «Қазақстанның ядролық қоғамы» ЗТҚ, «University medical center» үкіметтік емес ұйымының, республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар барысында Қазақстанның атом саласындағы коммуникациясын дамытуға қатысатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың рөліне қатысты мәселелер, БАҚ-пен қазіргі және болашақта атқарылатын жұмыстар, сондай-ақ, АЭХА-ның, АҚШ-тың және Аргентинаның елдің атом саласына мүдделі органдарды қатыстыру бойынша стратегия мен қолданылатын шаралар талқыланды.

Ілеспе газды кері айдау жүйесі іске қосылды

Солтүстік Каспийдегі Қашаған кенішінде ілеспе газды жер қойнауына кері айдау жүйесі іске қосылды. Бұл әдіс теңіз түбінен өндірілетін мұнай көлемінің артуына септігін тигізеді. Мамандардың айтуынша, ілеспе газды кері айдау арқылы өндірілетін мұнайдың көлемін тәулігіне 370 мың баррельге дейін жеткізуге болады. Қазір жасанды аралдарда күніне 200 мың баррель мұнай өндіріліп жатыр. Мұнда әрқайсысы 35 мегаваттық қуаты бар екі газ турбинасы жасан

ды аралдардың біріне орнатылып, жоспарға сәйкес жұмыс істеп тұр. Бұл – өте үлкен жоба. Аталған газ турбиналарының қуаты алып «Боинг» ұшақтарымен теңбе-тең келеді.

Еліміздің 30 млн.га жерлерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, елді мекендер алып жатыр. Кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы өзендердегі судың азаюы, Арал теңізінің тартылуымен тікелей байланысты болып отыр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағының экологиясына байланысты 2 млн.га жер шөлейттеніп кеткен және Жаңадария өңіріндегі 3мң га қара сексеул орманы біржола жойылу үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойынша топырақтың химиялық улы заттармен және радионуклидпен ластануы жалдам жүреді.

Өнеркәсіптерден шығарылған химиялық заттар Шығыс Қзақстан бойынша жылына 5 млн.тоннаға жетіп отырғаны тіркелген. Республика бойынша ластану деңгейі Бетпақ дала, Балқаш өңірі, Мұғалжар, Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле Алатау жазықтарында тым жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасын, фтор, бор, мыс, пестицидтер және нитраттармен ластанған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть