Жарияланды: 430

Қостанай облыстық дихандар егін орағына кірісті

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы шаруашылықтар арпа орағына кірісті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ауылшаруашылығы және азық-түлік департаментінен хабарлады.

Облыстың басқа аудандарындағы түсім жинау науқаны бір, бір жарым аптадан кейін басталғалы отыр. Ал жаппай астық дақылдарын жинау жұмыстары бидай толық пісіп-жетілген кезде, қыркүйек айында қолға алынбақшы. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, облыс бойынша 3 млн. гектар алқапқа тұқым себілген. Оның 2,7 млн. гектарына бидай егілді. 110 мың гектар алқап қатты сортты элиталық бидайға арналды. Департамент мамандарының бағалауынша, астықтың ахуалы жақсы. Алдын-ала мәлімет бойынша, әрбір гектардан 9 центнерден кем емес мөлшерде түсім жианалады деп күтілуде. Осындай жағдайда жалпы түсім 2,7 млн. тоннаға жетпек. Аудандық ауылшаруашылығы басқармаларының мәліметі бойынша, шаруашылықтар иелігіндегі 8660 комбайндардан егін орағына 8000-нан астамы дайын болды. Сондай-ақ, сүйретпе жабдықтар да науқанға толыққанды әзірлік ахуалында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть