Қостанай облысында 21 қызды секс-құлдыққа салған қылмыстық топ сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында 21 қызды секс-құлдыққа салған қылмыстық топ сотталды

Қостанай облысында 21 қызды секс-құлдыққа салған қылмыстық топ сотталды

Қостанайда жас қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендер жазаға тартылды. Бірнеше бап бойынша айыпталған олар 14-15 жылға сотталды.

  • 30 Қаңтар 2020
  • 398
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы  astanatv.kz хабарлады

Ұйымдасқан топ 5 жыл бойы 21 бойжеткенді секс-құлдықта ұстаған. Жәбірленушілер арасында жетім қыздар да бар. Ағайын-туыс алты адамды Денис Шакмаев басқарған. Арасында Кристина Аскарова деген әйел де бар. Ұйымдасқан топ қылмыстық жоспарын 2013 жылдан бастап жүзеге асыра бастаған. Түрлі жолмен материалдық жағдайы төмен қыздарды арбауына түсіріп келген. Бастапқыда бойжеткендерді кафеге шақырып, ішімдік ішкізіп, кейін пәтерге апарып үркітіп-қорқытып жезөкшелікке мәжбүрлеген

"Шакмаев және топ мүшелері бір-бірімен туыс-жекжат.Олар олжаға кенелу мақсатында осындай қылмыс жасауға уағдаласқан. Діттеген мақсатқа жету үшін бойжеткендерді пәтеріне алдап апарып, заңсыз бас бостандығынан айырып арам ойларын жүзеге асырған",-деді Жасұлан АСЫЛБЕКОВ облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарылық сотының судьясы

Қылмыстық топ құрыққа іліккен қыздарды әуелі өз еркімен жезөкшелікпен айналысуға көндірген. Көнбегендерін ұрып-соғып, мәжбүрлепті. Қашпақ болғандарды қатаң жазалаған. Ұйымдасқан топ 2018 жылы ұсталды. Жабық түрде қаралған сот процессі 7 айға созылды. Судья олардың бір-біріне туыс екенін мәлімдеді. Сот үкімімен Денис Шакмаев 15 жылға, қалғандары 14 және 14 жыл жарым жылға бас бостандықтарынан айрылды. Сотталушылар үкіммен келіспейтінін білдірді.

Сотталғандардың бесеуі жаза мерзімін қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде өтейтін болады. Сот Владислав Киструганы рецидивист деп таныды. Ол жазасын төтенше қауіпсіз колонияда өтейді. Ал адвокаттары аппелияциялық шағым түстіретінін айтты.



 

 

Соңғы жаңалықтар