Қостанай облысында жас жігіт 8 сағат бойы таяқ жегеннен кейін көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында жас жігіт 8 сағат бойы таяқ жегеннен кейін көз жұмды

Қостанай облысында жас жігіт 8 сағат бойы таяқ жегеннен кейін көз жұмды

Бұл туралы alau.kz хабарлайды.

Пәтерде төрт адам спирттік ішімдік ішеді. Ол жерде пәтер қожайыны, оның әпкесі және екі таныс ад?

  • 25 Қаңтар 2017
  • 574
Фото - Caravan.kz

Пәтерде төрт адам спирттік ішімдік ішеді. Ол жерде пәтер қожайыны, оның әпкесі және екі таныс адам болған. 17 қаңтар күні таңғы 04.00-де пәтер иесі мен оның досының арасында ерегес туындайды. Ұрыс кезінде күдіктілер 22 жастағы таныс жігітті өлтіруге бел байлаған.

“Араққа сылқия тойған олар жігітті 11.00 мен 19.00 аралығында аямай ұрған. Олар жұдырық та, аяқ та жұмсап зардап шегушінің денесінің барлық жерін жарақаттайды. Сондай-ақ, жігіттің кеудесіне пышақ жұмсалған”, – деді облыстық прокуратура басшысы Қайрат Жүсіпов.


Оқиға орынына жеткен тәртіп сақшылары күдіктілерді қолға түсірген. Қазіргі таңда топтасып қылмыс жасағандары үшін күдіктілерге қарсы іс қозғалып, тексеріс жүріп жатыр.