Жарияланды: 590

Қостанай облысындағы үкіметік емес ұйымдарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында жергілікті бюджеттерден 6,3 млн. теңге бөлінді

Қостанай облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау жөніндегі 2003-2005-жылғы аймақтық бағдарлама қабылданған болатын . Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ішкі саясат департаментінен хабарлады.

Бағдарламаның басты мақсаты - азаматтық қоғамның бір құрамдас бөлігі ретінде және мемлекеттік билік органдарымен өзара ықпалдастық және қолдау негізінде қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі ролін арттыру үшін Қостанайдағы үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуына жағдай жасау болып табылады. Департамент мамандарының айтуынша, үкіметтік емес ұйымдардың бір осал тұсы- олардың даму деңгейіндегі теңсіздік болмақ. Облыстық әділет басқармасының мәліметіне жүгінсек, Қостанай облысында тіркелген 190 үкіметтік емес ұйымның басым бөлігі , немесе, 92 проценті облыс орталығында шоғырланса, небәрі 8 проценті аудандарда тіркелген. Аймақтағы мемлекеттік емес секторды дамыту мәселесін шешуге серпін беретін бірнеше шара ұсынылып отыр. Атап айтсақ, облыстағы үкіметтік емес ұйымдар туралы жыл сайынғы ақпараттық анықтамалық шығару, өзекті мәселелер бойынша халық қалаулыларының қатысуымен облыстық бас қосулар мен дөңгелек үстелдер өткізу, үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық мәселесі бойынша мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен семинарлар ұйымдастыру т.т. Бағдарламаны жүзеге асыруға бюджеттен 6,3 млн. теңге талап етіледі. Оны қаржыландырушы негізгі көздер ретінде облыстық бюджет пен қайырымдылық қаржылар аталып отыр. Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау жөніндегі 2003-2005-жылғы аймақтық бағдарламаны қаржыландыруға қажетті қаржы көлемі облыстық бюджет жобасын жасау және оны қалыптастыру барысында нақтыланады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть