Жарияланды: 410

Қостанай облысының оңтүстігінде үлкен көлемде сапалы астық жиналады деп күтілуде

Қостанай облысының оңтүстігінде бұрын-соңды болмаған үлкен көлемде сапалы астық жиналады деп күтілуде. Облыс әкімі Өмірзақ Шүкеевпен бірге аймақтағы бидайлы алқаптарды аралап шыққан ауылшаруашылығы мамандары осындай қорытындыға келіп отыр.

Әкімнің айтуынша, биылғы жалпы түсім өткен жылғыдан әсте кем болмайды, шамамен 4 млн. тонна дәнді дақыл қамбаға құйылады деп бағаланды. Ал облыстың оңтүстік аудандарындағы бидай түсімі әдеттегі мөлшерден екі есе артық болатын сыңай байқалады. "Торғай өңірінде осыншама бітік шыққан бидайды бұрын-соңды көрмедім",- дейді Ө.Шүкеев. Облыстың оңтүстік өңірідегі бидайдың сапасын мамандар айрықша жоғары бағалап отыр. Астық сапасының басты көрсеткіші болып табылатын клейковина мөлшері 24-30 процентті құрады. Мұндай сапалы бидай ең жоғары бағаға сатылатыны даусыз. Қостанай бидайының бір тоннасына қазірдің өзінде 100 доллар ұсынғандар табылыпты. "Егер табиғат қандай да бір қиқар мінез танытпаса дихандар төккен терінің өтемін артығымен қайтарады",- деді облыс әкімі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть