Қостанай тұрғыны баласын өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай тұрғыны баласын өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған

Қостанай тұрғыны баласын өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған

Қостанай облысының Жітіқара ауданында пәтерден 44 жастағы ер адам мен 4 жасар баланың денесі табылды.

  • 17 Қыркүйек 2018
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Ксения Жылқыбаева растады. Оқиға 16 қыркүйек күні Жітіқара ауданында болған. Сағат 21:25-те жедел жәрдем қызметіне хабар келіп түскен.

«Үй ішінен 1974 жылы туған ер адам мен 4 жасар баланың денесі табылды. Баланың денесі сіресіп қалған. Белгілі болғандай, баланың әкесі көрші бөлмеде өзіне пышақ сұққан. Ол Жітіқара ауруханасына бүгін түнде жеткізіліп, сол жерде дене жарақаттары салдарынан қайтыс болды», — деді К.Жылқыбаева.

Басқарма мәліметінше, әкесі баласын тұншықтырып өлтірген. Себебі оның мойын тұсы көгерген.


Ал облыстық ІІД аталған жайтқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар