Қостанайда 18 миллионға жасалған Қобыланды батырдың ескерткішіне орын табылмады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда 18 миллионға жасалған Қобыланды батырдың ескерткішіне орын табылмады

Қостанайда 18 миллионға жасалған Қобыланды батырдың ескерткішіне орын табылмады

Қостанай билігі Қобыландыны темір торға қамап қойды. Әкімдік атқа мінген батырдың ескерткішін қоятын жер таппай, ұн шығаратын зауыттың ауласына лақтырып тастаған.

  • 21 Қараша 2014
  • 376
Фото - Caravan.kz


Қара қыпшақ Қобыландының ескеркіші осылайша бір аптадан бері қажетсіз темір-терсектердің арасында жатыр. Аты аңызға айналған хас батырдың мүсінін жергілікті билік Шымкентте арнайы жасатыпты. Ол үшін бақандай 18 миллион теңге жұмсаған. Алайда Қостанайға келген Қобыландыға орын табылмай, шенеуніктер оны қала сыртына шығарып тастаған. Осылайша, қазақ тарихына түк қатысы жоқ мүсіні жетіп-артылатын Қостанайда жалғыз Қобыландыға ұлтарақтай жер бұйырмай тұр.