Қостанайда алапат өрт екі қабатты жатақхананы күлге айналдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда алапат өрт екі қабатты жатақхананы күлге айналдырды

Қостанайда алапат өрт екі қабатты жатақхананы күлге айналдырды

Зардап шеккен ешкім жоқ. Дегенмен ондаған тұрғын үскірік аязда енді барар жер, басар тауы жоқ далада қалды.

  • 30 Қаңтар 2016
  • 232
Фото - Caravan.kz

Өртенген үйдегі 26 бөлменің әрқайсысында 2-3 адамнан тұрған. Алайда, құтқарушылардың хабарлауынша қызыл жалын тұтанған кезде 7 адам ғана эвакуацияланыпты. Қазір олар уақытша көршілерінің үйіне жайғасты. Ал жалынды өшіру үшін 30-дан астам құтқарушы жұмыс істеген. Өрт тіпті маңайдағы ғимараттарға жайылып кете жаздаған екен. Өйткені, өрт сөндірушілердің жұмысына пәтерлердегі газ баллондарының жарылуы кедергі келтірген. Төтенше жағдайдың себебі анықталуда.