Қостанайда бағдаршаммен реттелетін көше қиылысында алты жасар бала мен оның анасын қағып кеткен жүргізуші тұтқындалды.
Облыстық полиция баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға жұма күні болған. «Лада Калина» көлігінің жүргізушісі жүргіншілерге арналған жолақпен жолда өтіп бара жатқан балалы әйелді қағып кеткен.
Жарақат алғандардың екеуі де ауруханаға жеткізілді. Ауыр жараланған бала түнде қайтыс болды.
Медициналық тексеру нәтижесіне сүйенсек, жүргізуші жол апаты болған кезде спиртті ішімдік ішпеген.
Жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.