Қостанайда Lexus жүргізушісінің пиццерияға соғуы: жол апатының мән-жайы айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда Lexus жүргізушісінің пиццерияға соғуы: жол апатының мән-жайы айтылды

Қостанайда Lexus жүргізушісінің пиццерияға соғуы: жол апатының мән-жайы айтылды

Полицейлер пиццерияға соғылған Lexus көлігіне қатысты жол апатының мән-жайын айтты.

  • 7 Сәуiр 2022
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлердің айтуынша, 24 жастағы Lexus жүргізушісі жол ережесін бірнеше рет бұзған. Сөйтіп, жыл басынан бері жылдамдықты бес рет асырған. Соңғы рет мұндай заңбұзушылық апаттан бір күн бұрын тіркелген.

"Бұған дейін ол бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке, оның ішінде жылдамдықты асырып, жол қозғалысы ережелерін бұзып, материалдық шығын келтіргені үшін жауапкершілікке тартылған. Бұл факт бойынша барлық қажетті сараптама тағайындалды. Қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғын анықтау үшін жүргізушіден қан анализі алынды", — деді ПД бастығының орынбасары Виталий Цой.

Полицейлердің айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші ес-түссіз болған. Соққы салдарынан пиццерия ғимаратындағы пеш өртеніп кеткен. Өрт сөндірушілер өртті он бес минутта сөндірді.


Еске салайық, бұған дейін Қостанайдағы аялдамада жол апаты болған еді. Lexus көлігінің жүргізушісі Абай даңғылымен келе жатып, қатты жылдамдықпен пиццерияға кіріп кеткен. Қоғамдық тамақтандыру нысаны аялдамаға жақын орналасқан. Жүргізуші мен қызметкерлер ауруханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар