Жарияланды: 450

Қостанайда «Менің Қазақстаным!» атты IV-ші форум басталды

Қостанайда жұма күні отансүйгіштердің «Менің Қазақстаным!» атты IV-шіфорумы бсталды, деп облыстық әкімшіліктен хабарлады.

«Қазақстан тәуелсіздігінің 20 дылдығына орайластырылып өткізіліп отырған бұл ауқымды шара 4 маусым күні аталып өтетін Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күніне орайластырып отыр», - делінген баспасөз қызметінің хабарында. Бүгін Қостанайда осы мерекеге орай салтанатты шаралар өтеді. Ал патриоттар форумы Спорт сарайында ертең, 4 маусым күні, басталады. Ол сағат 11.00-де орталық алаңнан бастау алады. "Біз өз еліміздің патриотымыз" атты шараға қатысушылар қала көшелерімен патриоттық-акция «Біздің туымыз! Біздің елтаңбамыз! Біздің әнұранымыз!» атты шеру тартады. Оған студент жастар, қоғамдық ұйымдардың лидерлері мен белсенділері қатысады. Олар алып туды желбірете алып өтеді. Жол-жөнекей бұл патриоттық шараға кез келген қала тұрғыны қосыла алады. Осы акцияға 3000-нан астам қала жастары қатысады деп күтілуде. Форум Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелік концертпен, алаулы шерумен және қаланың орталық алаңында өтетін жастардың дискотекасымен аяқталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін