Қостанайда полицей мен бокс чемпионы ұрлық үшін сотталып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда полицей мен бокс чемпионы ұрлық үшін сотталып жатыр

Қостанайда полицей мен бокс чемпионы ұрлық үшін сотталып жатыр

Қостанайдың № 2 соты құқық қорғау органдарының қызметкері мен оның бауыры және бокстан экс-чемпионға қатысты істі қарап жатыр.

  • 26 Сәуiр 2018
  • 30
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы  "Наша газета". хабарлады.

Осы тұлғалар жергілікті фотограф Кирил Филиппенковтың пәтерін тонады деген күдікке ілінді. "Ұсталғандар Қостанай облысындағы атауы аталмаған басқарма қызметкері Асқар Әмренов пен оның бауыры Азат Қасымов бұрындары танымал боксшы, Қазақстан әрі Азия чемпионы Мұқаш Түлкенов болған. Ұстау кезінде Әмренов полицейлерден қашпақшы болып, төртінші қабаттан секіріп кеткен. (…) Ұсталған үшеуі де жәбірленушімен жақсы таныс болған: Түлекенов пен Қасымов Филиппенковпен достық қарым-қатынаста болған, ал Әмреновті ол суретке түсірген. (…) Фотографтың айтуынша, оның пәтерінен бес миллион теңгеге жуық қаражат жоғалып кеткен", деп жазады басылым. Күдіктілерге ұрлық жасады деген айып тағылған. Мемлекеттік айыптаушы осы істің үш эпизодын жариялады. Филиппенковтан бөлек тағы бір жәбірленуіш бар, ол азаматтық шағым түсірген — ветеринария басқармасының қызметкері Шоқан Тасмағамбетов. Іс материалдары бойынша ол 760 мың теңгеден қағылған. "Бұл іс бойынша Әмренов пен Қасымов айыпталды. Алайда Тасмағамбетов өз арызын қайтып алып, істі тоқтатуды сұраған, себебі ол Әмренов және Қасымовпен мәмілеге келіп, шығын өтегенін мәлімдеді. Осыдан кейін кішкене үзілістен соң судья Сатыбалды Оразбаев осы эпизодты іс материалдарынан алып тастауды бұйырды", — делінген басылым мақаласында.
 

Соңғы жаңалықтар