Жарияланды: 30

Қостанайда тағы 4 адамнан вирус анықталды

Қостанайда тағы 4 адамнан вирус анықталды

Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 4 адам тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Қостанай облысының Жітіқара қаласында коронавирус инфекциясын тағы 4 адамның жұқтырғаны анықталды.

COVID-19-ды 1962, 1975 және 1990 жылғы әйел адамдар жұқтырған. Сонымен қатар 2009 жылғы оқушы қыздан табылды.

Олар бұған дейін коронавирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған. 14 сәуірден бастап карантиндік стационарда болды. Екінші қайтара тексерген кезде ПТР зерттеуі вирусты жұқтырғанын көрсетті.

Емдеу шаралары бекітілген хаттамаға сай жүргізіледі. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.

30.04.2020 жылғы жағдай бойынша облыста COVID-19 инфекциясы 49 адамда анықталды, олардың ішінде 3 адам сауығып шықты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін