Оның хабарсыз кеткеніне бүгін 10-шы тәулік болды. Ұялы телефоны сөндірулі. Әлеуметтік желілерден де көрінбейді. Өзін қоярға жер таппаған ана кенжесін мектептің айналасынан да, құрдастарының үйінен де іздеген екен. Бірақ, оқушы еш жерден де таптырмады. Жанұшырған Жүсіповтер отбасы қазір қаланың бұрыш-бұрышына Арланның суретін іліп, халықтан оны іздеуге көмек сұрап отыр.
Гүлмайра Жүсіпова, анасы:
-Өзі үйірмеге барып домбыра шертетін. . Ән айтып жүрген бала. Білмеймін не болғанын?…