Қостанайда жол ережесін бұзған полицей жұмыстан қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда  жол ережесін бұзған полицей жұмыстан қуылды

Қостанайда жол ережесін бұзған полицей жұмыстан қуылды

Қостанайда бағдаршамның қызыл түсін елемей, қызметтік  көлігімен екі жаяу жүргіншіні қағып кете жаздаған тәртіп сақшысы жұмыстан қуылды

  • 29 Қаңтар 2016
  • 185
Фото - Caravan.kz

Бұл кадрлар сол маңнан өтіп бара жатқан көліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған. Онда қатты жылдамдықпен жүйткіген патрульдік машинаның бағдаршамның қызыл түсін елемей өте шыққаны анық көрініп тұр. Ала жолақтың үстімен өтіп бара жатқан екі жаяу жүргінші де сәл болмағанда тәртіп сақшысы тізгіндеген темір тұлпардың астында қалушы еді. Кейін анықталғанындай, көлікті 30 жастағы сержант жүргізген екен. Енді ол қызметтен қуылып қана қоймай, 21 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.

Нығмет Смағұлов, Қостанай облыстық Жергілікті полиция қызметінің бастығы:

Ол бұл қылығын өзінің сол күні кезекшілікте жүргенін және шақыртуға асығып бара жатқандығымен түсіндірді. Бірақ сонда да бағдаршамның қызыл түсінен өтетіндей негіз болған жоқ.