Қостанайлық құтқарушылардың ескертуін балықшылар мен адамдар елер емес - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық құтқарушылардың ескертуін балықшылар мен адамдар елер емес

Қостанайлық құтқарушылардың ескертуін балықшылар мен адамдар елер емес

Қостанайлық құтқарушылар өзендегі мұздың қалыңдығын өлшеп, көктемгі балық аулаудан бас тартуға шақыруда. Жергілікті мамандар қазірден бастап осылайша дабыл қағып жатыр.

  • 13 Наурыз 2015
  • 266
Фото - Caravan.kz

Биыл өзеннің қатқан бетінің қалыңдығы былтырғы көрсеткіштен екі есе жұқа екен. Қалыпты жағдайда 80 см-ді құрауы тиіс мұз қазір 40 см-ге әзер жетеді. Ал ауа райының күрт жылынуы жағдайды одан сайын қиындатқан. Сондықтан төтенше жағдай департаментінің мамандары балық аулауға және шаңғымен сырғанауға шықпауға шақыруда. Бірақ шынайы қауіпті түсіне беретін жандар аз секілді. Себебі қатқан өзен бетімен көлікпен жүретін адамдар да көптеп кездеседі. Қыстың басында Тобылда қайғылы оқиға болған еді. Ол кезде өзенге шыққан үш балықшы бір-бірін құтқарамын деп суға кетті.