Жарияланды: 50

Қостанайлық зейнеткерлер өз үйлерінде өртеніп кетті

Қостанайлық зейнеткерлер өз үйлерінде өртеніп кетті

Қайғылы оқиға кеше Станционное ауылындағы үйлердің бірінде болған.

Қостанай облысындағы ауылдардың біріндегі тұрғын үй өрті кезінде екі зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сағат 04.36-да жеке тұрғын үй өртенді. Үйдің кіреберісі мен дәлізі, ванна бөлмесі жанып кетті. Өрт төбе жабындысының кей жерлерін шарпыды. Өрт ауқымы 30 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар келмей тұрып, жанып жатқан үйден екі адамның денесі табылды», - делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алдын ала анықталғандай, өрт кезінде 80 жастағы үй иесі мен оның 78 жастағы жұбайы көз жұмған. Өрттің себептері анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Атырауда жол апатынан жүргізуші қаза болып, 3 адам ауруханаға жеткізілді

Дауыл салдарынан Астанаға келген шығын мөлшері анықталды

Бүгін әлемді аузына қаратқан Димаштың туған күні

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін