ҚР Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мамандары медициналық куәландыру шарасының нәтижесінде Жақияновтың құрт ауруына шалдығу дерегін дәлелдеген жоқ
ҚР Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Қостанай облыстық УК-161/4 мекемесінің мамандары мен облыстық құрт ауруына қарсы күрес диспансерінің дәрігерлері медициналық куәландыру шарасының нәтижесінде Жақияновтың құрт ауруына шалдығу дерегін дәлелдеген жоқ. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитетінің бұқарамен байланыс жөніндегі бөлімінен таратқан хабарламада айтылған. |
Өз кезегінде Ғалымжан Жақиянов ағзасында құрт ауруының белгілері табылғандығы туралы ешкімге арыз-нала білдірмегенін, өзінің денсаулық ахуалын бұқаралық ақпарат құралдарында талқылау туралы өтінбегенін жеткізген.
ҚР денсаулық сақтау министрлігі мен құрт ауруы проблемасы жөніндегі ұлттық орталық мамандары Ғ.Жақияновтың жалпы денсаулық ахуалын орташа деп бағалады. Оның ағзасынан құрт ауруының клиникалық нышандары табылған жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін