ҚР Ауылшаруашылығы министрі күріш өндіруге бөлінетін мемлекеттік субсидиялар көлемін ұлғайтуды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ауылшаруашылығы министрі күріш өндіруге бөлінетін мемлекеттік субсидиялар көлемін ұлғайтуды ұсынады

ҚР Ауылшаруашылығы министрі күріш өндіруге бөлінетін мемлекеттік субсидиялар көлемін ұлғайтуды ұсынады

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев күріш өндіруге бөлінетін мемлекеттік субсидиялар көлемін ұлғайтуды ұсынады. Бұл туралы ол бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 16 Маусым 2008
  • 607
Фото - Caravan.kz

«Қалыптасқан күн райы ахуалына және Қызылорда облысында суарма су тапшылығына байланысты күріш өндіруге бөлінетін мемлекеттік субсидиялар көлемін ұлғайтуды сұрауда. Біз бұл мәселені қарадық, расында да есептер көрсеткендей, субсидия көлемін ұлғайту қажет, оның үстіне мәселе биылғы күріш сатып алуға байланысты», — деді А. Күрішбаев.

«Біз үкіметтің резервінен қаржы бөлу жөніндегі тиісті қаулының жобасын дайындадық, ол министрлікке келісуге жіберілген», — деді министр.

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазір бір гектар күріш егініне бөлінетін субсидия 7,5 мың теңгені құрайды, ауылшаруашылық мекемесі қосымша бір гектарға 13 мың теңгеден бөлуді ұсынады. Биыл күріш егілген алқаптар көлемі 12 мың гектарға азайып, 74 мың гектарды құрады, деді А.Күрішбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті