Жарияланды: 610

ҚР Бас прокуратурасы адам саудасына қатысты қылмыстардың алдын алу және оған тосқауыл қоюға бағытталған шаралар жоспарын әзірледі

ҚР Бас прокуратурасы адам саудасына қатысты қылмыстардың алдын алу және оған тосқауыл қоюға бағытталған шаралар жоспарын әзірледі. Бұл туралы 23-шілдеде Астанада ҚР Бас прокуроры Рашид Түсіпбеков АҚШ-ның Қазақстандағы елшісі Лэрри Нэппермен кездесуде мәлімдеді,- деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Бұл жоспар 30-шілдеде Астанада өтетін ҚР құқық қорғау мекемелерінің Үйлестіру кеңесінде қаралады. Сондай-ақ, кеңес мүшелері адам саудасына қатысты қылмыстарды әшкерелеу және оны тексеру тактикасы мен тәсілдері туралы әдістемелік құралды бекітпекші. Құжатты Халықаралық көші-қон ұйымының нұсқауына сүйене отырып ҚР Бас прокуратурасы әзірлеген. Р.Түсіпбеков осындай қылмыс түрімен күрес бағытында еліміздің құқық қорғау мекемелері тарапынан қолданылып жатқан шаралар туралы Л.Нэпперге хабарлама жасады. Атап айтсақ, ҚР Бас прокуратурасы елімізге шетелдік жұмыс күшін әкелу және жұмыс күшін шығару тәртібін реттейтін отандық заңдардың қолданылу жағдайына тексеру жүргізіп, еліміздегі адам саудасымен күрес саласындағы ахуалға баға берді. Үйлестіру кеңесі осы тексерудің қорытындысын да талқыға салады деп межеленген. ҚР Бас пркуроры елшілік өкілін Үйлестіру кеңесінің жұмысына бақылаушы ретінде қатысуға шақырды. Өз тарапынан Л.Нэппер Қазақстанды демократияландыру және адам құқығы саласындағы талаптарға сәйкесетін ел ретінде тану , АҚШ тарапынан Қазақстанға қаржылық қолдау көрсету жөніндегі елшілік нотасының көшірмесін Р.Түсіпбековке табыс етті. Кездесу нәтижесінде еліміздің құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлеріне арнап американдық сарапшылардың қатысуымен семинарлар мен тренингтер өткізіп тұру жөнінде келісім жасалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть