ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі еліміздегі балама энергетиканың әлеуетін 2,7 трлн кВт-қа бағалауда - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі еліміздегі балама энергетиканың әлеуетін 2,7 трлн кВт-қа бағалауда

ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі еліміздегі балама энергетиканың әлеуетін 2,7 трлн кВт-қа бағалауда

Астана. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі еліміздегі балама энергетиканың әлеуетін 2,7 трлн кВт-қа бағалауда.

  • 13 Маусым 2008
  • 1024
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Азия қоғамы» ұйымының «Қазақстан: Еуразия қиылысындағы сауда мен инвестициялау» атты II Халықаралық бизнес-конференциясында ҚР Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Осындай қуат көздерінің арасынан бірінші орын су электр станцияларына тиесілі, олардың әлеуеті 2,7 трлн кВт-қа бағалануда. Ал геотермалдық энергетика бағыты бізге қосымша 50 млрд кВт, ал желдің қуаты 23 млрд кВт мүмкіндіктер береді», — деді Б. Ақшолақов.

Ол жел энергетикасының әлеуетін айқындау бағытындағы БҰҰ Даму бағдарламасының аясында осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан «желдің жылдамдық күшіне қарай 3-4 ауданға бөлінгенін, елімізде желдің жылдамдық күші 15 метр биіктікте орта есеппен секундына 27 — 35 метрден асатынын» хабарлады.

«Осы бағдарлама аясында еліміз жыл бойына желдің жылдамдығы бір бағытта шамамен секундына 10 метрге жететін 10 өңірге бөлінген. Салыстыра айтатын болсам, Еуропа елдері бүгінде желдің жылдамдығы секундына 4-5 метр жағдайында да жел қуатын пайдаланатын энергетика саласын дамытуда. Қазақстанның әлеуеті бұл тұрғыда біршама жоғары», — деді вице-министр.

Ол Алматы облысының Жоңғар қақпасында жел электр станциясын салу жобасымен бірге, «осы көзқарас тұрғысынан Каспий теңізінің жағалауы мен тікелей Шевченко форты қызғылықты аймаққа жатады», деп нақтылай түсті.

«Тағы бір қызғылықты балама қуат көзі — термоэнергетика, басқаша айтқанда «энергиялы сулар». Қазақстанда осындай судың біршама қоры бар, ол қор 97 млрд тонна шартты отынға бағалануда», — деді Б. Ақшолақов.

Оның айтуынша, елімізде «осындай судың 169 көзі анықталған, оның басым бөлігі еліміздің оңтүстік өңірінде». «Оларды дамыту Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі энергия қамтамасыздығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді», — деді ЭМРМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті