«Қазіргі уақытта Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Ұлттық ядролық орталық пен оның институттарының қатысуымен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ядро энергетикасы саласының даму бағдарламасының жобасын дайындады. Сондай-ақ, Қазақстандағы ядролық энергетиканы дамыту бағдарламасының да жобасы дайындалуда», — деп атап көрсетті баспасөз қызметі.
Қазақстанның ядролық қоғамығының атқарушы директоры Наталья Жданованың хабарлағанындай, осы күндері Курчатов қаласында «Қазақстан Республикасындағы ядролық энергетика» деген атпен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. «Конференция барысында оған қатысушылар ядролық энергетиканы дамыту және онымен байланысты өнеркәсіп өндірісі мен ғылыми-техникалық жұмыстардың қарқынын арттыруға бағытталған жоғарыда аталған бағдарламаларды талқылауды, пысықтауды және қабылдауды тездету қажеттігін атап көрсетті», — деп хабарлады Н. Жданова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті