ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда нәрестенің бағым-күтіміне арналған жәрдемақыны отбасының жалпы кірісіне қоспау туралы жарлыққа қол қойылды
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда нәрестенің бағым-күтіміне арналған жәрдемақыны отбасының жалпы кірісіне қоспау туралы жарлыққа қол қойылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова хабарлады. |
Министрдің айтуынша, " жарлық ҚР статистика жөніндегі Агенттігімен келісіліп, ол туралы министрліктің барлық аймақтық бөлімшелері құлағдар етілді".
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылы 859,8 мың азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, олардың 64,6 проценті ауыл тұрғындары. 2003-жылы атаулы әлеуметтік көмекке арналған жалпы қаржы 7,4 млрд. теңгені құраса, оның 4,5 млрд. теңгесі ауыл тұрғындарына берілді. 2004-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері 1058 теңге болды. Әлеуметтік аз қорғалған отбасылар орташа есеппен айына 4232 теңге көлемінде қосымша мемлекеттік жәрдемақы алып отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін