ҚР Индустрия және сауда министрлігі мемлекеттік рәміздері бар бұйымдарды жасауды лицензия берілетін іс-қызметтер аясынан шығару туралы қаулының жобасын дайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Индустрия және сауда министрлігі мемлекеттік рәміздері бар бұйымдарды жасауды лицензия берілетін іс-қызметтер аясынан шығару туралы қаулының жобасын дайындады

ҚР Индустрия және сауда министрлігі мемлекеттік рәміздері бар бұйымдарды жасауды лицензия берілетін іс-қызметтер аясынан шығару туралы қаулының жобасын дайындады

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі мемлекеттік рәміздері бар бұйымдарды жасауды лицензия берілетін іс-қызметтер аясынан шығару туралы қаулының жобасын дайындады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Маусым 2008
  • 783
Фото - Caravan.kz

«Лицензия берілетін іс-қызметтер түрлерінен өлшем құралдарын жөндеу мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бейнеленген материалдық нысандарды жасауды алып тастау жөніндегі қаулылардың жобалары дайындалды», — деді В. Школьник.

«Бұл актіні «Лицензия беру жөніндегі» заңына өзгеріс енгізілгенге дейін немесе одан кейін қабылдауға болады, бірақ қандай жағдайда да ол аталған іс-қызмет түрлерін тексерулер санын жылына 560-қа азайтады», — деді ол.

Сонымен бірге, министрдің айтуынша, талдау нәтижесінде лицензия берілетін іс-қызмет түрлерін 15 түр мен ішкі түрге дейін азайту ұсынылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті