Жарияланды: 860

ҚР Индустрия және сауда министрлігі отандық машина жасау саласын дамыту шараларының кешенін дайындады - Школьник

Астана. 21 ноября. "Казахстан Сегодня" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі отандық машина жасау саласын дамыту шараларының кешенін дайындады. Бұл туралы ҚР индустрия және сауда министрі Владимир Школьник "Отандық машина жасауды дамыту: Қазақстанның үлесін ұлғайту" атты республикалық кеңес барысында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Министрлік машина жасау саласына мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің бірқатар шараларын қарастыра отырып, отандық машина жасау саласын дамыту шараларының кешенін дайындап үкіметке енгізді. Бұл кешенге қамтылған және кәсіпорындардың негізгі қорын жаңалауға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларына Қазақстанда және шетелдерде озық технологияларды сатып алуға грант бөлу, технологиялар трансферті мен коммерцияландыруға бағытталған инфрақұрылымды дамыту жатады", -деді В. Школьник. "Технолгиялық даму жөніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарлама аясында машина жасау саласында техника мен жабдықты лизингіге алуды жолға қою үшін 15 млрд теңге, соның ішінде 2009 жылға 5 млрд теңге көлемінде бюджет қаржысы қарастырылған", - деді министр. Ол бұған қоса, 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің жобасында өңдеу өнеркәсібін, соның ішінде машина жасауды қолдаудың айтарлықтай шаралары қарастырылғанын айтты. "Парламенттің қарауында "ҚР "Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жөніндегі" заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы жатыр, алдағы екі айда осы заң қабылданады деп сенеміз. Бұл заң жобасында инновациялық гранттың жаңа түрі - технологияларды сатып алу гранты қарастырылған", -деді В. Школьник. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін