ҚР өрт салдарынан 5 адам, соның ішінде екі нәресте қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР өрт салдарынан 5 адам, соның ішінде екі  нәресте қаза болды

ҚР өрт салдарынан 5 адам, соның ішінде екі нәресте қаза болды

Астана. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін". Қазақстанда өрттің салдарынан бес адам қаза болды, оның екеуі жас нәресте, деп хабарлайды агенттік ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 19 Желтоқсан 2007
  • 372
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпараты бойынша, 18 желтоқсанда сағат 08.50 Талдықорғанда, жер үйдің 48 шаршы метрін шарпыған өртті сөндірген кезде 3 ересек адам мен екі жас нәрестенің денелері табылды. Өрт ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күшімен ауыздықталды. Бұл жұмысқа 9 адам және 2 техника жұмылдырылды.

Ал Алматыда көп қабатты пәтерлердің бірінде шыққан өртті ауыздықтау кезінде 55 жастағы ер адамның өлі денесі табылды. Жергілікті тұрғындар ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметі келмей жатып, өртті сөндіріп үлгерді.

18 желтоқсанда сағат 13.25 Солтүстік Қазақстан облысының Лобаново ауылындағы жер үйлердің бірінде 64 шаршы метр жерге тараған өртті сөндірген кезде ер адамның мәйіті табылды. Өрт жергілікті тұрғындардың күшімен сөндірілді. ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметі шақырылмады.

Алматының Әуэзов ауданындағы үйлердің бірінде өрт ұшқыны 70 метр жерге жайылған. Өрттен зардап шеккен 61 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жау ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 8 адамы және екі техникасын жұмылдыру арқасында сөндірілді.

Сонымен қатар, 18 желтоқсанда 07.33 сағатта Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында » Қазақмыс Корпорациясы » ЖШС әкімшілік ғимаратының үшінші қабатында 40 шаршы метр жерін от жайлады. Зардап шеккендер жоқ. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күшімен 08.54 минутта ауыздықталды. Бұл жұмысқа 21 адам және 6 техника жұмылдырылды

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті